Уақыт

lat: Ýaqyt

[а р. ] з а т. 1. ф и л о с. Материяның үздіксіз дамуы мен өмір сүруінің объективті бір формасы; мезгіл, мерзім.

Ажыратса уақыт бізді Бақ табамын қайда барып. Сені көрмеу бақытсыздық. Жетімшілік айдан анық (Т.Молдағалиев, Шақырады.).

Адам қандай бақытты еді, Арман болса біреу үшін. Сақтап жүр ме уақыт мені, Адал жардың тілеуі үшін (С.Мәуленов, Алыс кет.).

2. Сәт, кез, мезет.

Сөйте тұра бұл сорлы бас осы уақытқа дейін Ақбаян сенікі емес дегенге түсінбейді (I.Есенберлин, Алтын құс).

3. а у ы с. Заман, дәуір.

Түсің суып кеткен екен. Алам десең алып қал! Не қыласың таласып? Бұ да бір уақыт шығар! Іштен шыққан соң, Қимайтын шығарсың, Қайтемін, ол түгілі, Шернияздан да айырылып отырсың! Құдайдың не салғанына көнбейміз. Шернияз (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Біржола өлсе, әйтеуір, жұмыс бітті, Бұл Мәжнүн екі өлімнің бірін күтті. Зәйіт кеп бір хабарын білдіргенінше, Болар ма мұнан қиын уақыт тіпті? (Ш.Құдайбердиев, Шығ.).