Уақытша

lat: Ýaqytsha

ү с т. 1. Белгілі бір уақытқа дейін, қысқа мерзімге.

Шикізат сақтайтын бөлме уақытшада, тұрақты да болады (М.Қажымұратов, Пайдалы өсімдік.).

Алаш орданың, уақытша тұратын орны Семей болды. Бірақ большевик кесірінен Алаш орда іске кірісе алмады (М.Дулатов, Шығ.).

2. Әзірге, басы бүтін емес.

Тек сырлар кеудегетұрды енбей, Уақытша аулақтап іргеміз. Ат барда жаяулап жүргендей, Сөйлестің басқа бір тілде біз (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).

Уақытша әкім болып жүрген күнде Қазақтың қайсысын да жеген болды (Кердері Әбубәкір, Қазағым).