Ұ

lat: U

з а т. 1. Қазақ алфавитінің 27 әрпі және сол әріптің жазылу (графикалық) таңбасы.

Қазақ тілінде ұ әрпі сөздің бірінші буынында ғана жазылады («Қазіргі қаз. тілі»).

2. л и н г в. Ауыздың келте ашылып, еріннің сүйірленуі арқылы жасалатын қысаң, жуан дауысты дыбыс: фонема.

Ұ дыбысы қысаң дауысты; өйткені ол иектің жоғары көтерілуінен пайда болады («Қазіргі қаз. тілі»).