Ұжым

lat: Ujym

з а т.ат. collectivus> 1. Ортақ мақсатпен, ортақ мүддемен біріккен адамдар жиынтығы, яғни қоғамдық, топтық және жеке адами мүдделер тоғысқан шағын ұясы.

Ұжым белгілі бір меншік нысаны шеңберінде жүзеге асырылатын қоғамдық қызметтің нақты түрі және осы қызмет барысында қалыптасатын өзара жауапкершілік қатынастар, мүдделер, құндылық бағыттары, мінез-құлық қалыптары мен нормалары бойынша біріккен адамдардың ұйымдық қауымы.

Ұжым тым күрделі құбылыс, онда экономикалық, саяси, идеологиялық, құқықтық, адамгершілік, әдептік-ғұрыптық және басқа қоғамдық қатынастар ұдайы қалыптасып, жүзеге асырылады (ҚҰЭ).

Ұжым мақсатқа бағытталған мекемелерде жұмыс істейтін адамдардың немесе білім беру орындарында оқитын студенттердің, оқушылардың және т.б. тобыаз. тілі термин. Педагогика.).

2. с ө й л. Ауызбірлік, ұйымшылдық, ынтымақ.

Өмірді қызықты ететін, ұжымы жарасқан көңілдерді айтсайшы, шіркін! (Ж.Еділбаев, Тергеуші.).

Қадамдарың құтты, ұжымдарың күшті болсын! (Ж.Алтайбаев, Сыпырғыш).