Ұзын

lat: Uzyn

с ы н. 1. Қысқа емес, шұбатылған.

Ұзын қара пешпентті, ұзын шашты, Жамағатты итеріп бір жол ашты. Мешітіне бастықтың келер жолын Дайын қылып, сыпырып шаңын басты (Абай, Тол. жин.).

Шұбалтып ұзын шаш қойып, Шылдырлап шолпы тақпады. Шапке киіп, папке алып, Баяндама жаттады (М.Жұмабаев, Шығ.).

2. Биік, сорайған, сойдиған.

Мен көрдім ұзын қайың құлағанын, Бас ұрып қара жерге сұлағанын. Жапырағы сарғайып, өлімсіреп, Байғұстың кім тыңдайды жылағанын? (Абай, Тол. жин.).

Онан сон, сені алайын талды салып, Шығарсың ұзын талдан тістеп алып. Не де болса кешікпей тез істелік, Қапы болар қақпаншы келіп қалып (Ш.Құдайбердиев, Шығ.). 3.

Ұзақ, көп уақытқа созылған. Бір ұзын өмір жолы тұйықталды, Шат күлкі еріндерде ұйып қалды. Қаралы қасіреттің Қаратауы Зілдей боп басты бір сәт иықтарды (С.Мәуленов, Алыс кет.).

Соғыста бәрі қырылса, қасиетті тілек те жарыққа шықпай қалады ғой, міне, сондықтан олар ұзын түндерде батпақтың сасығымен уланып, орманның мылқау күйін тыңдап, ауыр ойларда болды (М.Жұмабаев, Шығ.).