Ұйымшыл

lat: Uıymshyl

с ы н. Ынтымақшыл, ауызбірлігі күшті.

Бақыт қайда барасың? Көршімен болған бірлігі, Тағат, ғибат тірлігі Ұйымшыл елге барамын (Қабан жырау. Алтын қазық).

Ұйымшыл, ұраншыл, мейірімшіл, қоғамшыл, Кіршіксіз, ақ жүрек, Біздер шын тазасы (I.Жансүгіров, Шығ.).