Жүрдек

lat: Júrdek

сын есім. 1. Ұшқыр, жүрісті. Қаршыға салған адамға ыңғайлы, ж ү р д е к, жуас, жылпос ат керек (Ш.Айманов, Қыран). Тығылмай әм сүрінбей ж ү р д е к көсем, Иек қағып, еліріп жүрсе әсем. Шапса жүйрік, мінсе берік, жуан, жуас, Разы емен осындай ат мінбесем (Абай, Тол. жин.). 2. Жүйрік, тез жүретін. «Қазақстан» ж ү р д е к пойызы зымырап келеді («Қазақст. мұғ.»). 3. ауыспалы мағына. Шапшаң, жылдам. Ж ү р д е к дәуір иығыма ауыр жүгін артады, Дарқандығым, Бейқамдығым, Осалдығым бар тағы (М.Шаханов, Ғасырлар.). Ж ү р д е к ғасыр ұмытқан-ау ұятты. Данте, Пушкин, Шекспирмен, Гетемен Оның тіпті жұмысы жоқ сияқты (М.Шаханов, Ғасырлар.). Зайсан көлінің сұлулығын сипаттауға менің тілім жетпейді. Тек қана ол көлді көру керек: сонда ғана жүйрік көңіл мен ж ү р д е к ой өз теңеуін тауып, шабан тілге шабыт қанаты бітеді (Ә.Нұршайықов, Алтын.).