Ұлт

lat: Ult

з а т. 1. қ о ғ.-с а я с и. Тіл, территория, экономикалық өмір тұтастығы негізінде және психологиялық мінез-құлықтың ортақтығы негізінде қалыптасқан адамдардың тарихи әлеуметтік, этникалық тұтастығы, адамдардың тарихи қалыптасқан әлеуметтік-этностық қауымының жоғарғы түрі.

Ұлттардың этностық құрамдары бірдей емес. Олардың біреулері бірнеше тайпалармен ұлыстардан және нәсілдерден құралады. Екіншілері бірнеше тайпалардың қосылып бірігуінен пайда болған бір ғана ұлыстың негізінде қалыптасады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).

Әркім өзінің қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы (ҚР Конституциясы).

2. Ел, жұрт, ұлыс, бір елдің халқы.

Адамы қапылысты қанша ұлттың, Кешегі көзді жеген ақша-құртың, Көрсетті алпыс айла, қырық мінез Кәсібін аймандай ғып барша жұрттың. (Ғ.Қайырбеков, Көнсадақ).

Көшпенді ел аңдай үркіп қазақ ұлты, Күнелткен күңіреніп азапты күн, Қалың жауған қар қырып төрт түлігін, Аңдай шапқан жау айдап түскен үйін (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

3. Э т н о с. Бір тілде сөйлейтін, тарихи жады ортақ, әрбір мүшесі өзін тілдік, мәдени, ділдік, діндік жағынан ортақ санамен бірегейлендіретін тарихи, мәдени, рухани қауым.

Ұлтына, жұртына қызмет қылу білімнен емес, мінезден (Ә.Бөкейханов, Шығ.).

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің ең қуаттысы тіл («Қазақ”).

Пролетариат диктатурасы жарияланған елде ұлттардың өзінзі билеу мәселесі туралы сөз болуы мүмкін емес (М.Шоқай, Таңд.).

Ұлтқа тән, ұлттық.

Жаңа ел жолдағылар мен қазіргі оқығандарды салыстыруға болмайды, қазіргі оқығандарды ұлт намысы бар, бұрынғылардан фактілері көп ашық (М.Дулатов, Шығ.).