Жүрек

lat: Júrek

зат есім. анатомиялық. <латын тілі. cor> 1. Қан айналу жүйесінің көкірек қуысының сол жағына қарай орналасқан басты мүшесі. Әйелдер маған қарсы жүрді. Әлгінде ғана біркелкі соғып тұрған ж үр е г і м лезде дүрсілдеп қоя берді (М.Дүзенов, Ақәже). Ж ү р е к адам мен жануарлардың қан айналу жүйесінің орталық органы; қанды артерия жүйесіне айдайды және оның веналарға қайтып оралуын қамтамасыз етеді (ҚҰЭ). Бұл айтылған витаминдердің ж ү р е к пен қан тамыр аурулары кезінде денеде жеткіліксіз болатыны анық (Б.Омаров, Жүрек. ауру.). 2. діни. Иманның тұрағы. Алла тағалаға сенім мекені. Ислам дінінде ж ү р е к адамның өзегі, дәні саналады. Адам ж ү р е к п е н жетіледі, бойындағы бар игі қасеит жүректен шығады (ҚҰЭ). Ж ү р е к қандай болса, адам да соның ыңғайымен қалыптасады. Иман ұяламаған ж үр е к к е перде тұтылып, кір шалады. Мұндай ж ү р е к жаратқанды танып білуге қабілетсіз. Иманды адамның жүрегі нұрланып тұрады, ол қайрат пен ақылға бағынбайды, жақсылыққа қуанады, жамандыққа ермейді. Ақиқат ауылын тапқан ж ү р е к алдамайды, алаламайды, адалдықтан айнымайды (ҚҰЭ). 3. ауыспалы мағына. Кісінің жан дүниесі, рухани сезімі. Е, біз міндеттен құтылдық. Ендігі жерде өз ж ү р е г і ң н і ң қалауы білсін (Р.Тоқтаров, Терістік.). Ж ү р е к т і кетті жылытып, Бір ауыз тіл қатқаның. Өзімді-өзім ұмытып, Айтар жауап таппадым (Қ.Ұябаев, Отты жыл.). Жұмақты кіріп көргендей, Сайран етіп жүргендей. Басқаны ж ү р е к ұмытып, Дәуренді сонда сүргендей. Жапырақтар да сыбдырлап, Қарсы тұрған төнгендей (С.Торайғыров, Алаш ұраны). Ж ү р е г і м д е жоқ алдамшы бөтен ой, Алдай алсаң сен-ақ алдап кете ғой. Тағдырды адам мойындаған секілді, Махаббатты мойындайды екен ғой                    (Т. Молдағалиев, Шақырады.). 4. ауыспалы мағына. Саяси-әкімшілік орын, орталық. Отанымның ж ү р е г і Москва ұлы шаһарым. Бұрынғыдан мың есе Арта түссін қаһарың (Өлеңд. жин.). «Өрлік» селосы... Әлгі әйгілі «Передовик» колхозының ж ү р е г і осы село (М.Сатыбалдиев, Жартас.). 5. ауыспалы мағына. Қайнар көзі, тірегі. Тіл ұлтымның ж ү р е г і Лүпілін Алла қолдаған. Тіл елдіктің тірегі Ежелден тағдыр жолдаған (К.Салықов, Жезкиік). 6. ауыспалы мағына. Ғашық, сүйген жар. Адал жарың бірге соққан ж ү р е г і ң. Жақсы ұлың жер бетінде тірегің. Жақсы қызың мәңгі сөнбес шырағың, Немерелер кеш көркейтер легің (К.Салықов, Жезкиік). 7. ауыспалы мағына. Көңіл. Жан жарының қамқоры да қорғаны, Жатқан шығар аппақ болып ол дағы!.. Жақсылардың ж ү р е г і н д е й тап-таза Жауған қарды еске алсаңдар болғаны! (C.Жиенбаев, Алтын қалам). Ж ү р е г ім е жақын сенің есімің, Әкем десем, анам десем несі мін. Жарқыраған көк тасыңда көшеңнің ізі қалған Сәкен бәтеңкесінің (Т.Айбергенов, Мен саған.). Әмудің арғы бетінен Арқалап келдім көп ойды. Ж ү р е к т і ң ыстық отымен, Мархабат, қарсы ал, Кегейлі! (Т.Айбергенов, Мен саған.).