Ұлықтау

lat: Ulyqtaý

Ұлықта етістігінің қимыл атауы.

1. Қадірлеу, құрмет тұту.

Жылылықты пайдаланып, ұдайы араласып тұруға ұмтылмаймын, себебі, көнеден бүгінге жеткен, Конфуцийлерден қалған рәсім, дәстүр, жөн-жоралғы деген қасиетті ұғымдар ұлы кісілерді айрықша ұлықтауды, мезі етпеуді, яғни біздіңше айтқанда, аяқ асты етпеуді қатаң тапсырады («Егемен Қазақстан»).

2. а у ы с. Жұрт алдында мадақтау.

Бүкіл алматылықтардың алдында жеңімпаздарды ұлықтау рәсімін жүргізіп тұрған әнші М.Сәдуақасова мен А.Сұрапбаев екеуіне бір-бір ғана сауал тастады (“Егемен Қазақстан”).