Ұстамдық

lat: Ustamdyq

з а т. с ө й л. 1. Ұстамдылық.

Өзімде жоқ мінездерді ұстамдықты, сабырлылықты соның бойынан көрген соң ойланбадым (Т.Әбдіков, Ақиқат).

Мас болған адамда ұстамдық қала ма, ол әйелдің де қойнына барады, жеті жасар баласын да өлтіреді (І.Есенберлин, Алтын құс).

2. Беріктік, мықтылық.

Шұбар талдан кескен таяқтың ұстамдығы айбалтаға ұқсайды (Т.Әлімқұлов, Сейтек.).