Ұстамдылық

lat: Ustamdylyq

з а т. 1. Байыптылық, байсалдылық, сабырлық.

Бұлар қызыға да білетін сияқты, бірақ дана табиғат береген ұстамдылық заңын бұзбайды да (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).

Құнанбайды өзі көріп жүрген атқамінер ішіндегі бөлекше бағалайтын бір себебі: осындай жердегі ерекше ұстамдылығынан, бойын бермес тұйықтығынан болатын (М.Әуезов, Абай жолы).

2. п с и х. Адамның бойындағы жағымды қасиет; өз тәртібін қадағалай білу, қызбалығы мен үстірт әрекетін тежей алу, оларды қолданыстағы тәртіп нормалары мен ережелеріне бағындыру.

Ұстамдылық қасиеттерін тәрбиелеуде балаларды мектепте қолданыста жүрген білім беру ұйымдарының жарғысымен, оқушылар тәртібінің ережесімен таныстыру, өз әрекетін қабылдаған тәртіп нормаларымен салыстырудың тұрақты жаттығулары қолданылады, олар балаға және оның ортасына кері ықпал ететін әрекеттерден сақтандырады (Қаз. тілі термин. Педагогика.).