Ұстаным

lat: Ustanym

з а т. Нақты бір мәселеге көзқарас.

Бұл мәселе жөніндегі менің ұстанымым “Огни Алатау” газетінде толық бейнеленді («Алматы ақшамы»).

Осы ұстаным пір Бекетке қатысты сұхбатынан да, Түркістанда халқымыз ардақтыларының сүйегін жер қойнауына тапсыру кезінде сөйлеген сөзінен де, Бәдібек баба мен Домалақ ана кесенелері ашыларда айтқандарынан да анық аңғарылады («Егемен Қазақстан»).