Ұстау

lat: Ustaý

Ұста етістігінің қимыл атауы.

1. Бір нәрсені қолмен қармап тұту.

Бір кезде көрінетін құрыш-балға Қолдары жасқаншақтап гүл ұстауға, Біразы аңсағандай тыныштықты, Ертерек бара жатыр тыныстауға (C.Жиенбаев, Алтын қалам).

Күйге түсіп айтқан кезде бір мұңды, Күміс үнді көмекейім қылғыңды. Ұмтылғанда сүйенетін тіреуге. Саған жетпей, ұстаушы едім құрбыңды (Ж.Жақыпбаев, Ләйлә).

2. Белгілі бір жерде болуын қадағалау.

Сатыбалды Жәнібекке қойды тым ұзатпай жақын маңда ұстауды ескертті де, әйеліне үй ішін буып-түйіп, дайын отыруды тапсырды (Қ.Жұмаділов, Көкейкесті).

3. Қолға түсіру, қамау.

Исатайдың халық көтерілісін ұйымдастырып жүргенін естіген Жәңгір хан Исатай мен оған серік Махамбетті ұстауға Қарауылқожа бастаған бір топ адам жібереді (С.Мұқанов, Халық мұрасы).

Соның нәтижесінде шақырусыз келгендерді ұстау және кейін қайтару жұмысы жақсарды («Егемен Қазақстан»).

З а ң. Қамауға алу түрінде бұлтартпау шарасын қолдану туралы мәселені шешу, ұсталған адамның қылмысқа қатыстылығын анықтау мақсатында қылмыс жасады деп сезіктелген адамға қолданатын қысқа мерзімді мәжбүрлеу шарасы.

Ұстаудың негіздері мен тәртібі арнаулы заңдар мен ережелер де көзделеді (Заңи термин. түс. сөзд.).