Ұшқыш

lat: Ushqysh

з а т. Ұшақ, тікұшақ сияқты әуе кемесін ұшып басқаратын адам, пилот.

Жолаушылар тегіс кіріп, орын-орындарына жайғасқаннан кейін есікті сарт еткізіп жауып, ұшқыш ілгері, кабинаға қарай кетті (Ә.Нұршайықов, Махабб.).

Ана: Ұшқыш болам деуші едің ғой... ұштың ба? Сен де қазір самғап жүрген құссың ба? Жазым болып кетпеші тек, әйтеуір, Тиіп кетіп... найзағай ма, ұшқын ба (C.Жиенбаев, Алтын қалам).

Ұшқышқа аспан керек ұшу үшін, Зымырап жерге қайта түсу үшін. Диқанға дала керек, дала керек, Сезуге дәннің тулап бұлқынысын (С.Мәуленов, Алыс кет.).

Кісі күтетін бөлмеде отырған бір ұзын бойлы ұшқыш жігіт менің кім екенімді естіп, орнынан ұшып түрегеліп, қасыма келді (І.Есенберлин, Ғашықтар).