Ұшықтау

lat: Ushyqtaý

Ұшықта етістігінің қимыл атауы; ауруды аластап емдеу.

Өлім аузында жатқан батырын ажалдан қалай құтқарам деп түні бойы шақыртпаған бақсы-балгері қалмады. Үшкіру, ұшықтау, істіктен қан жіберу секілді қазақтардың жайшылықта қолданатын емдерінің бір де бірі қалған жоқ (I.Есенберлин, Қаһар).

Ұшық сырқаты ұшықтау деп аталатын ырыммен емделеді (Ш.Уәлиханов, Мақала.).