НАУҚАС

lat: NAÝQAS

(пар. нахуш ناخوش)   

1. Ауру, сырқат.

Артынан тағы бірі болды науқас, Науқасынан күннен-күнге жүзі толды («Сейфүлмәлік». Қисса-дастандар, 1986).

Бір жылдан соң біреуі науқас болды, Сейфүлмәліктің қайғыға көңілі толды («Сейфүлмәлік». Қисса-дастандар, 1986).

Бір күні Әбушаһыма науқас болған, Жолында ата-анасы болды құрбан («Хикая Әбушаһыма». Бабалар сөзі. 15-том. 2005. 100 томдық).

2. Сүйкімсіз, ұнамсыз, жағымсыз.