Ұялшақ

lat: Uıalshaq

с ы н. 1. Ұялғыш, ұяң.

Ол ұялшақ, тартыншақ, тұйық болғандықтан, көпшіліктен аулақ жүргенді жақсы көредісихология.).

Сол бір кездер есіңде ме, құрбы қыз, Көңіліңде қалмады ма кірбің із?! Балаға тән мінезіңмен ұялшақ (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Жас дәрігердің ұстаз алдында сынақтан өткен ұялшақ шәкірттей біртүрлі ыңғайсызданған түрі бар (С. Омаров, Өмір.).

Бұндай ұялшақ, момын бала Әбішке анық ұнады (М.Әуезов, Абай жолы).

2. а у ы с. Меңіреу, құлазыған.

Осы ұялшақ тыныштықты не жетеді бұзғанға, Бірақ біздің жігітіміз ұяң еді қыздан да. Ару соны сезінді ме, әлде үміті жанды ма, Қалтасынан кестеленген орамалын алды да, Туған жердің топырағын түйіп берді жігітке, Кім біледі, сол сәт жаны берілді ме күдікке (М.Шаханов, Ғасырлар.).

Ойларыма жібер ұшқыр қиял сап, О, қайыңдар, тұрмын сенен күй аңсап. Ол да сендей қаз омырау, сұңғақ бой, Ол да сендей кей кездері ұялшақ (Т.Айбергенов, Мен саған.).