Ұялшақта

lat: Uıalshaqta

е т. Именіп қысылу, біреуге батып, ойындағысын айта алмау.

Есік ашылып, ұялшақтап, қысылып, қымтырылып төменгі курстың екі студенті кірді (О.Сәрсенбаев, Сағым.).

Айымжан апа, тиірмендеріңізге бір тостаған бидай үгіп алайыншы, деді қыз төргі үйдің босағасынан аттамай, қырындаңқырап, ұялшақтаңқырап тұрып (З.Ақышев, Ақбел.).

Қыз-келіншектер оның кімді шақырғанын білмей, өзді-өзіне қарасып, ұялшақтап кейінге шегіне берді (А.Сатаев, Дала.).