НАШАР

lat: NASHAR

(пар. начар ناچار)   

1. Кедей, жағдайы нашар.

Ғаріп бенен ғасыны, Соқыр, міскін, нашарды («Қобыланды». Бабалар сөзі. 35-том. 2006. 100 томдық).

Екі нашар , қос ғаріп, Екеуі де арыпты («Қобыланды» (Н.Байғанин нұсқасы). Бабалар сөзі. 36-том. 2006. 100 томдық).

Еліндегі нашарға мархабат қып, Халалдықтың жолына белін буды («Патша Синдбад хикаясы». Бабалар сөзі. 5-том. 2004. 100 томдық).

2. Әлсіз, дәрменсіз.

Өзіңе жалынамын, Қадір Жаппар, Қайтемін жалынбасам, халім нашар («Қисса Мұхаммед Расул Алланың дәрул пәниден дәрул бақиға рихлат еткен мәселесі». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).

Бала айтады: Әй, ата, сөзім тыңда, Біздерді нашар қылған Құдауанда («Алтын балық». Бабалар сөзі. 6-том. 2004. 100 томдық).

Мұнан соң қабір іші отқа толған, Халдары ол пенденің болып нашар («Өлер халде періштелер келгені». М.Жүсіп, ІІ-том, 2003).

Нашарды, жетім-жесір тәрбие қыл, Сақи бол, әділдікпен шықсын атың («Хикаят Тәжілмәлік». Бабалар сөзі. 10-том. 2004. 100 томдық).

3. Ауысп. Жақсы емес, жаман, сапасыз.