Жыл

lat: Jyl

зат есім. 1. Он екі айлық уақыт, мерзім, мезгіл. Мен 1938 ж ы л д а н бері генералмын, деді Панфилов даусын көтеріңкіреп (Б.Момышұлы, Москва.). Жиырма бес, мінеки, ж ы л өтіпті, Жиырма бес... Дүние жыр етіпті. Біз жеңген жиырма бес жылдан бері Европа тастады құл етікті (М.Мақатаев, Шығ.). Құда болып отырмыз, Әли, бүгін, Жүрегімді ақырын қариды мұң. Сонау өткен ж ы л д а рд ы ң арасында Қала берді қайғысыз сәбилігім (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Шау тарта жаным бастады-ау, Айларды қуып ж ы л д ар ы м, Айтылмай қалса масқара-ау, Ашылмай жүрген сырларым (М.Мақатаев, Шығ.). 2. астрономиялық. Жердің Күнді бір айналып шығуына кететін уақыт аралығы. Астрономияда мынадай ж ы л есептері қабылданған: 1) жұлдыздық ж ы л д ы ң, күннің зодиактағы бір белгілі жұлдыздың тұсынан өтіп, осы жұлдыздың тұсына қайтып келгенше кететін уақыт аралығы, 365, 2564 орташа күн тәулігіне тең (ҚҰЭ). Ежелгі Вавилон астрономдары Күннің 12 шоқжұлдыздың ғана тұсынан өтетіндігін байқаған. Бұл шоқжұлдыздар жүйесі «зодиак» деп аталады. Қазір жұлдыздық ж ы л ғылыми зерттеулерде, астрономияда ғана қолданылады (ҚҰЭ).