Жыла

lat: Jyla

етістік. 1. Қайғыдан, реніштен, ауырғаннан көзден жас шығару. Алжыған шалға:– Қолың тарт Зылиқадан!– демекке. Батыр шауып жөнелді Жаңғырта қырдың таутасын, Ж ы л а ғ а н қыздың тыймаққа Көлдей аққан көз жасын (О.Шипин, Дастан.). ...Бір ару автобусқа ж ы л а п кірді. “Қайтем?” – деп қабағында сұрақ тұрды. Қасына енді жете бергенімде, Автобус мөңкіп кетіп, лақтырды (М.Мақатаев, Шығ.). Астына мінген күрең ат, Салпиып кетті құлағы. Арнада жылға тұра қап, Сәбимен бірге ж ы л а д ы (М.Мақатаев, Шығ.). Тек соны ойлап беріледі арманға, Тек соны ойлап ж ы л а й д ы үйде қалғанда (М.Шаханов, Ғасырлар.). 2. Зар еңіреу, зарлау, зарлану, іштегі зарын шығару. Жылаймын деп айырылып Ақылыңнан қалмағын. Ж ы л а ғ а н м е н бітпейді, Ойыңдағы арманың (Бақтыбай ақын, Жел қобыз). Қартаң әйел жұмысыма іздеп келіп, ж ы л а д ы: «Жалғыз қызым бар еді, айнам, тірлігімнің шынары Еркелеттім, Өмірімді желкен еттім жолына (М.Шаханов, Ғасырлар.). Шаттық пенен қуаныш, Өкініш пен мұң-қайғы Өмірбақи тұрмай, алма-кезек зулайды. Ж ы л а, жаным, ж ы л а й бер... Мен де мәңгі тұрмаймын. Зарыңды кім тыңдайды? Ертең келіп басқа ақын бақытыңды жырлайды (М.Мақатаев, Шығ.). 3. Жоқтау, дауыс шығару. Өз елің өлсең ж ыл а р, күндеп өтер, Қайын-жұртың қалжыңдап мінеп өтер. Нағашың сыйлайды да, сынайды да, Жақсы болсаң түп жұртың іздеп жетер (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Бірақ сендер қадірді білмейсіңдер, Есік ашып үйлерге кірмейсіңдер, Өлім, өмір алысқан шақтарында Я ж ы л а п, я бір күлмейсіңдер (С.Мәуленов, Алыс кет.). Алтын тақта ханның қызы, Не қылсын ол... қайғызарды. Көрсін бе ол, білсін бе ол Сыңсығанды... ж ы л а ғ а н д ы (О.Шипин, Дастан.). 4. Өкіру, қатты жылау. Жүгірді сүйінші деп шуылдасып, Керуендер түрегелді дуылдасып. Кұшақтап мені көріп ж ы л а ғ а н д а, Қамықты тұрған елдің бәрі жасып (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Жығылып үш ұмтылдым тұрайын деп, ішіме қорқу түсті уайым жеп. Ұялдым сақалымнан көп ішінде, Артынан балаларша ж ы л а й ы н деп (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 5. ауыспалы мағына. Қайғыру. Өмір дейтін тайғанақ мұз айдында, Жырлап кетем, алдымен ж ыл а й м ы н да, Сөредегі кермені кесіп өтсем, Маған әлі жетпейді Құдайдың да (М.Мақатаев, Шығ.) Ж ы л а м а ш ы, шырағым, Күңіренген қобыздың Бұрамашы құлағын. Ұмыт болып мына күн, сейіледі мұнарың. Ж ы л а м а ш ы, шырағым, Шашыратып шуағын, Мен білемін мына күн шұғыламен тынарын (М.Мақатаев, Шығ.). Қыздың берген жауабы: – Құдай не үшін жаратқан, Емес пе екен қыз пенде? Мен ж ы л а м а й қайтейін, Сақал-мұрты қуарған, Көз жанары суалған Баймағамбет деген шал Айттырып мені мал берді (О.Шипин, Дастан.). 6. ауыспалы мағына. Қиналу, жапа шегу. Сонда да сен үшін көнем де, Бұл басқа қилы бір бақ қонса. Мен ж ы л а п жазған бір өлеңге Күлді жұрт ішегі қатқанша (Ж.Жұматаев, Ләйлә). Бір күні көрген күлкіңдей Қырылған елді көрмедің. Халық ж ы л а п жүргенде, Күш-қайрат бізге бермедің. Оңашада жүргенде Елдегі мерген мен дедің (Қ.Жапсарбаев, Сөйле.). Жеткен жерге талабың мен ақылың, Сезімің мен батылың, Жетпей қалды қырсыққанда шыдамың, Әне, соның кесірінен қаншама жыл ж ы л а д ы ң (М.Шаханов, Ғасырлар.). «Ғашықтардың» өткірі мен, – деуші ем бұрын бұла өнерлі. Мәжнүнге көп күліп ем, Ол мені аяп ж ы л а р енді (Ж.Жұматаев, Ләйлә). 7. ауыспалы мағына. Сағыну, іздеу. Сүймей тұрып сүйеміз деп былжырап, Қасақана өп-өтірік тұнжырап. Қанша адамды алдаймыз бір өмірде, Қанша сәби сондықтан да жүр ж ы л а п (Ж.Жұматаев, Ләйлә). Сол қара тас жатқан жер Мәтібұлақ, Қозы жайған жерлерім күнде ж ы л а п. Ерте тұрып дірдектеп мен жүргенде, Қаныпез бай ұрсады сөзбен сыбап (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). Ақ ешкі, зарланасың лағыңа, Сүт берген емшегіңнен шырағыңа, Қосылып, кел, екеуміз бір ж ыл а л ы қ, «Тәңірінің» жетер ме екен құлағына (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 8. ауыспалы мағына. Еңсесі түсу. Өлген қайтып келмейді, Ж ы л а с а ң батыр жасисың, Ештеме тегі өнбейді. Жаралып жан болған соң, Ақырында жер жейді (Бақтыбай ақын, Жел қобыз). 9. ауыспалы мағына. Шағыну. Болған соң келін кербез, кемпір саяқ, Құдайдың қойғанынай аямай-ақ. Балаң арам боп туса амалың не, Тере бер тезегіңді ж ы л а м а й-а қ (Бақтыбай ақын, Жел қобыз). Жолықты бір қасқырға қатты қашқан, Аузынан нар бурадай көбік шашқан. Жалынып жағдай айтып ж ы л а й берді, Басына баратқандай құлап аспан (О.Шораяқов, Шайыр). 10. ауыспалы мағына. Қоштасу, мауқын басу. Құстар, құстар, сызылтып ән салады, Сол әнімен тербетеді даланы. Ал адамдар күліп бастап өмірді, Кетерінде ж ы л а й да алмай қалады... (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Көзіме жас бер, ж ы л а й ы н, Шыдам бер, сабыр қылайын. Жаралы болған жүрекке Дауа бер, жамап сынайын (Абай, Тол. жин.). 11. ауыспалы мағына. Аңдардың дауыс шығаруы. Қосаяқ, суыр менен қарсақ, борсық, Қоян байғұс бұғады күндіз қорқып. Қасқа күзен, сары тышқан, байбақ ұлу Таң атқанда ж ы л а й д ы дауысын қосып... (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.). 12. ауыспалы мағына. Жауын жауу. Ж ы л а п тұр, жылаңқы бұлт сабылып тұр, Сағынып тұр күн нұрын, жабығып тұр. Бірде жауын, біресе қарға айналып, Сәуір айы малшыға қағынып тұр (М.Мақатаев, Шығ.).