Жылдамдық

lat: Jyldamdyq

зат есім. 1. Шапшаң қимыл жасауға икемділік, тездік. Сатанның Шақшайға ұнаған жері оның ж ы л д а м д ы ғ ы, ерлігі (I.Жансүгіров, Шығ.). Сабырлы, терең ойлы маңғаз еді, Жетпеген қатарына тең құрдасы. Сағымдай садақ жетпес ж ы л д а мд ы ғ ы, Қырмызы қыз мінезді, қымбат басы (Ә.Найманбаев, Шығ.). 2. Көліктердің, ұшатын денелердің белгілі бір уақытқа қатысты жүру қозғалысы. Кеше Сайлау тракторды оқытушы айтқан жерлермен жүргізді, бұрып та, шегіндіріп те, әртүрлі ж ы л д а м д ы қ қ а салып та көрді (Қ.Қамбаров, Алтай.). Күнге жақындау үшін ракетаның ұшу бағытын өзгертпей, оның ж ы л д а м д ы ғ ы н бірте-бірте үшінші космостық жылдамдықтан асыру қажет («Қазақстан. мұғ.»). 3. физикалық. Дененің белгілі бір қашықтықты жүріп өту уақыты, қарқыны. Күн бетінің әр нүктесі әртүрлі ж ы лд а м д ы қ п е н айналады (X.Әбішұлы, Халық астрон.). Бүркіт те ұшқыр құстардың бірі. Ол сағатына 150 км ж ы л д а м д ы қ п е н ұша алады (Қ.Қайымов, Қызықты зоол.).