БАРЫС

lat: BARYS

з а т. з о о л.ат. felis uncia> 1. Қара дақтары бар түсі шұбар, мысық тұқымдастарына жататын жыртқыш аң.

Барыс Тянь- Шань, Тарбағатай, Сауыр мен Алтайдың биік жоталарында таралған, таулардың альпі жене субальпі белдеулерінде құзды, жартасты жерлерді мекендейдіазақст. қызыл кітабы).

Сыр айтып сыпсың қайың қарағайға,

Бұлбұлдың әні еседі әлдеқайда.

Сығалар әккі барыс жапырақтан

Қой тастың үстіндегі құралайға (Ғ.Қайырбеков, Қосбасар).

 

2. а у ы с. Ержүрек, батыр, қаhарман; жүйрік, топжарған талант.

Жойқын өзен - тіршілік ағысында

Жолдас болғай парасат барыс ұлға.

Қуанамын Қазақтың бір баласы

Озып шықса өнердің жарысында! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).