БАРЫС

lat: BARYS

з а т.Істің бағыты, бет алысы, жағдайы.

Ал жұмыстарының барысы жөнінен Хасен ағай мен маған хат жазып турасыңдар (А.Машанов, Жер асты.).

Тергеудің алғашқы б а р ы с ы жөнінде бастығына баяндап шықпақ (Қ.Тоқаев, Тасқын).

Жаман емес тіршіліктің б а р ы с ы,

Жөнге келіп қалды жұрттың әр iсі.

Жас енелер сәби сүйе бастады,

Жаңа түскен келінмен жарысып! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).