БАСКИІМ

lat: BASKIİM

з а т. Басқа арналып тоқылған, тігілген киім түрлерінің (тымақ, құлақшын, малақай, сәукеле, тақия, бөрік) жалпы атауы.


Ақ тиін - терісі өте бағалы аң... Ол әр түрлі киімдер: әйел iшігi, баскиiм және басқа нәрселер жасауға пайдаланылады (Х.Қыдырбаев, Дала көркі).

Қазақ халқының баскиiмдері бөрік, тымақ, құлақшын, жалбағай, делбегей деп аталады (С.Мұқанов, Қазақ қауымы).

Әуелі машинасы батты, су толқығанда анадайда жатқан әкесінің баскиiмін көрсетті (АҚұрманаева, Өшпес жалын). Баскиiмді біреуге сыйлау - бастағы бақты ұшыру (Ж.Кейкин, Қазақы атау.).