БАСПАЛДАҚ

lat: BASPALDAQ

з а т. 1. Едені биік үйге кіріп шығу немесе өрге шығып, түсу үшін және т.б. үшін жасалатын орнықты басқыш, саты.


Баспалдақтан түсе бергенде Еркебұланды арт жағындағылардыц біреуі бастан ала қамшымен тартып жіберді .Мүсірепов, Кездесп. кет.).

Тұрар тұрған беттен еңіске қиыстап түсер баспалдақта қардан аршылып қалған (С.Шаймерденов, Мезгіл).

Бала қыз басып тұрып баспалдақты,

Күледі «Таянды, апа, қош сағаты».

Қолда гүл, шашындағы қызыл бантик,

Секілді көбелектің қос қанаты.Молдағалиев, Жыр.).

Тақтың төменгі баспалдақтарында жатқан алтын қарғылы болат шынжырмен байлаулы арыстандар арылдап қоя бередә.Әлімжанов, Отырар.).

2. с ә у л е т. Ғимараттарда, құрылыстарда және т.б. орындарда шығып-түсуге арналған бірнеше сатылы, орнықты басқыш түріндегi құрылыс . Құрастырмалы үйлер үшін баспалдақ темір-бетоннан құйылып әзірленеді. Оның басқыш сатыларынан биіктік аралығы 15-18 см, ені 24-30 см болады, ал бір иініндегі саты саны 18-ден артпайды (ҚСЭ).

3.Ағаш, темір және т.б. материалдан жасалып, биікке шығып-түсуге арналған қозғалмалы басқыш.

Жоғарыға апаратын баспалдақ атаулының бәрін әлдекімдер алдақашан түп- тұқиянымен шауып әкетіпті (Ө.Қанахин, Жер бас.).

Қапаш баспалдақтақпен жоғарылап көтерме сөренің үстіне шықты.Сланов, Замана.).

4. т е х. Автобус, троллейбус сияқты көліктерге мінуге арналған саты түрiндегi жабдығы.

Футболдан жаңа шығып, нөпір топты жарыпбаспалдаққа ілініп жүре беретін студент кез емес, автобусқа міне алмай тұрғам (М.Мағауин, Бір ата.).

5. а у ы с. п о э т. Өмiр асулары, кезеңдерi, сәттерi.

Амал не, қарауменен көз ағарттық,

Сол ма еді көрегендік, азаматтық?!

Біріне мың баспалдақ бұл тірліктің,

Мақсатсыз шығам деудің өзі ағаттық (Ғ.Қайырбеков, Алтын.).


Өмірдің өзі баспалдақ,

Сонымен қатқан қанатың,

Кетсең де қанша аспандап,

Жеріңе қара қонатын (Ш.Мұхамеджанов, Көңіл ашар).

6. а у ы с. Биіктік. Олай болса, өнерді өркендетуші шеберлеріміздің де үздіксіз ізденіске толы әр кезеңге тең келгендей жоғары баспалдағы  болғаны жөн.Омаров, Шабыт.).

7. а у ы с. Даму кезеңдері. Мүмкін, өрлеу сатысының баспалдағына байланысты тілдердің сөздік қорлары аз я көп болуы ғажап емес.Омаров, Серпін).