БАСПАЛДАҚТА

lat: BASPALDAQTA

е т. 1. Сатылап көтерiлу, басқыш пайдалану.

Сәуледен асылады алтын саты,

Бір кезде Біржан шыққан баспалдақтап (Ғ.Қайырбеков, Сарыарқа.).

Астында жартылай подвалы бар, үстіне баспалдақтап шығатын, едені тақтай, Дәуренбай үйі де осындай кербездің бірі секілді (Ғ.Сыланов, Очерк.).

2. а у ы с. Бiртiндеу, бiрте-бiрте білдіру, дамыту, жеткізу.

Андрейдің түндегі сөзінен кейін орыс байының жүзін көргісі келмеді, ол әуелі Курнос Иванды баспалдақтап көргісі келді (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер). Әннің аяғындағы қайырмасының өзінде дауысты баспалдақтап көтеріп тастап жеткізе түйрей айту керектігін сезген еді (А.Жұбанов, Замана.).

Әрбір ойды сөйлегенде кескен бөренедей кез келген жағына құлата салмай, айтпақ ойға, білдірмек көңілге біртіндеп, баспалдақтап, сыпайылап айту керектігі өз-өзінен белгілі («Қаз. әдеб.»).