БАСТАМА

lat: BASTAMA

з а т. 1. Бiр нәрсенің, істің басы, ең алғашқы ұйытқысы.

Өкінішке орай, жоғары жақтан қолдау таппауы себепті - жақсы бастама жалғасын таппады («Қазақстан заман»).

1963 жылы Ашхабадта түйе шаруашылығы көрмесі өткізілді. Бұл жақсы бастама едi (И.Жұмағұлов, Туйе өсіру).


2. Әдеби немесе музыкалық шығарманың басы .

Күй бастамасында жосылта шапқан ат тұяғының тасыр-тұсыры құлаққа келгендей (Ж.Рысалдин, Ахмет Жұбанов).


3. а у ы с. Бiр нәрсенің бастауы, қайнар көзi, түп-тамыры, негiзi.

Әлди, әлди - бастамасы бар әннің,

Әлди, әлди - арманы ғой адамның,

өмірімнің күй сазы боп шалқыған,

Әлдиі ғой менің әзіз анамның (Ғ.Мүсірепов, Раушан).