БАСТАПҚЫ

lat: BASTAPQY

с ы н. Әуелгi, алғашқы, алдыңғы.

Бастапқы сөзден беті қайтып қалған үй иесі күбжеңдеп сөйлескісі келген пішін көрсеті де, ешнәрсе сұрай алмады (Ғ.Мүсірепов, Таңд. шығ.).

Бірінші оқу жылының бастапқы айларында-ақ, Жарқын өзінің ұғымталдығымен, сабырлы тәртібімен көзге түскен (Н.Ғабдуллин, Қызық дәурен). Аталарын паралап, балаларын алып, бастапқы айтқандай жолға салып тағлим берсе, сонда түзелер еді (Абай, Тол. жин.).