БАСТАПҚЫДАЙ

lat: BASTAPQYDAI

с ы н. Бастапқы кездегідей, әуелгiдей, алғашқыдай.

Маша Митяның сөзін тыңдап болған соң, бастапқыдай тағы да жайлап сөйлеп кетті (Қ.Қайсенов, Жау тылы.).

Қойлар бастапқыдай ырғып қашып, емпеңдеп жүгірмейді, жүрістері сылбыр тартты (Т.Ахтанов, Боран).

Үш айдан кейін дертібастапқыдай боп қайтадан білінді (Н.Ғабдуллин, Сар. жапырақ).

Бастапқыдай болғанда тапқан шешенің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім- ғылымның өзі де адамға мейірленіп тезірек қолға түседі (Абай, Тол. жин.).