БАСЫ-ҚАСЫНДА

lat: BASY-QASYNDA

ү с т. Жанында, маңында, қасында, айналасында.

Қарақастекте «Амангелді» картинасы түсіріліп жатқанда Бейімбет соның басы-қасында болатын (Ғ.Мүсірепов, Кездесп. кет.).

Бойымнан әл- қуатым кеткенше, балаларым мен немерелерім бағып жүрген малдың басы-қасында жүремін деп уәде етемін (Б.Тоқтаров, Қыран.).

Сол күні бәрің басы-қасында болғансыңдар (С.Бегалин, Уақыт.). Төл теңгенің дүниеге келуінде басы-қасында болған Хайролла ағаның көрген қызықтары да, айтар әңгімесі де көп («Түркістан»).