БАСЫМДЫҚ

lat: BASYMDYQ

з а т. 1. Басым болушылық, үстемдік, артықшылық.

Қазақстанмен қарыматынас бұл Ресей үш сөзсіз басымдық болып табылады («Егемен Қазақстан»).

Өйткенi бұл қауымдастыққа мақсаттары мен басымдықтары әлдеқайда ортақ, салыстырмалы түрде алғанда экономикалық даму модельдерi ұқсас елдер бiрiгiп отыр («Егемен Қазақстан»).

Бұл қоғам өмiрiнiң барлық салаларында болып жатқан түбегейлі өзгерiстер, оларды жаңа басымдық принциптер мен ережелер тұрғысынан құқықтық реттеу құқығын талап еткен кезең болған едi («Егемен Қазақстан»).

Бiр тұста поэзиямыз басымдық етсе, ендi көш бастаушы проза жанры, қазақ топырағында қысқа повестер мен романдар кеңінен өркен жайды («Қаз. әдеб.»).

2. Артықтық, көптік, күштілік. Қан майданда екі жақ жағаласқанда саптағы қолдың әскерлiк өнерi, құралының басымдығы және оған қолбасшының тапқырлық әдiсi тең келсе, жау қамалын бөксерiп жүре берерi хақ (Х.Есенжанов, Тар кезең).

3. с п о р т. Күші айқын артық болу, даусыз, жарыссыз жеңісін мойындау.


Еркін күресте ереже бойынша егер бiр балуан қарсыласынан 10 ұпай артық кетсе, төрешi айқын басымдық ретiнде бәсекенi тоқтатады («Егемен Қазақстан»).

Жерлесiмiз айқын басымдық танытып, 11:1 есебiмен жеңiске жетті («Егемен Қазақстан»).

4. ф и з и о л. Адамның және жануарлардың орталық жүйке жүйесіндегі белгілі бір аймағының күшті қозу нәтижесінде басқаларына уақытша басымдық танытып, үстемдік көрсетуі. Жүйке жүйесінің басымдық қасиетіне күшті қозған аймақтың басқа аймақтардан қозу толқынын өзіне тартатын және басқа рефлекторлық актiлердi уақытша тежеп тастайтын қабiлетi жатады (ҚҰЭ).

5. м у з. Мажор мен минордағы тональды дыбыстардың тониканы күшейту қызметі. Басымдық аккордтарының негізгі ладтың 5-сатысындағы үш дыбыстылық құрайды. (ҚҰЭ).