НЕМЕРЕ

lat: NEMERE

(пар. нәбире نبيره) ата-ананың ұлы мен қызынан туған бала.

Қош-аман бол, немерем, Аман бол жалғыз көбеген («Алпамыс батыр» (А.Нысанов нұсқасы). Бабалар сөзі. 33-том. 2006. 100 томдық).

Жабағат деген ұғыл немересі, Бір Алла әбүйір берсін ошал ерге («Қисса уақиға Кербала үшбу-дүр». Бабалар сөзі. 11-том. 2005. 100 томдық).