Жылп

lat: Jylp

еліктеуіш сөз. Жылмақай, тайғанақ заттың жылпылдап тұрмайтындығын бейнелейтін сөз. Жылп берді. Зып етті, жылпылдап тұрмады. Бюрократизм құрғырды ұстау қиын, балықтың құйрығындай қолыңнан ж ы л п б е р і п шығып кетеді де, «жұмыс көп», «қол тимейді» деген қоқсықтың астында құжынап жата береді (С.Төлешов, Түрлі. бас.).