НЕСИЕ

lat: NESIE

(ар. насиа نسيئة)   

1. Кейінге қалдыру, кейінге шегеру.

2. Заттай не ақшалай алынатын қарыз.

Аштықтан жүдеген соң келіп едік, Берсеңіз несие астық алам деді («Жүсіп-Зылиха». Ғашықнаме, 1976).

Бай екен жұртта болған алмағы көп, Жүріпті несие жиып атқа мініп («Мың бір түннің хикаясы». Қисса-дастандар, 1986).

Несие жүрегіне батып удай, Жеген бал аузына татып судай («Әбуғалисина, Әбілхарис». Дастандар, 1990).

Несие сөз бетке салық болатын артық сөз.

Шырағым, Жәмиланың асылы артық, Бір ауыз несие сөз келмес артық («Мәлікриан, Рабиғұлмүлік, қыз Жәмила». Бабалар сөзі. 21-том. 2005. 100 томдық).