Жылт

lat: Jylt

етістік. сөйлеу. Жылыт. Қайтадан қапыл-құпыл үйге кіріп, Уа, қатын! деді жылдам көжені ж ы л т, Әуе ашық, қалғып жатыр қанды сонар, Мұндайда отыра ма үйде жігіт (I.Жансүгіров, Өлеңд.). Қиналсам қатты шапқанда, Мұздаса желден маңдайым, Жеткен соң аман ақ таңға, Шуаққа ж ы л т т ы м әрдайым (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Пешке от жағылмаса да, терезеден дарқан кұйылған күн сәулесі үй ішін шуақтандырып, көңілдендіріп ж ы л т ы п тұр (Б.Соқпақбаев, Балалық.). Салт атты кісі балалардың қорыққанын байқап жүзін ж ы л т а күлімсірей сөйледі (Ғ.Орманов, Диқан.).