БӘЙБІШЕ

lat: BÁIBİSHE

з а т. 1. э т н . Байырғы қазақ қоғамында көп әйел алған ер адамның жұбайы- лық мәртебесі жоғары бірінші әйелі.

Тап орта тұста басына қара желек жамылған Бөжейдің бәйбішесі аңырап отыр.

Көзінен шын жас, зар жасы бірсін-бірсін ағып жатыр (М.Әуезов, Абай жолы).

Баласының кеткенін Бәйбіше сонда есітті.

Ақ жұлынғы мойынында,

Шам- шырағы қолында (Қыз Жібек).

Мінгені қыз Мақпалдың сұр-ды дейді,

Ауызын бәйбішенің бұрды дейдіазар жырау, Шығ.).

Бөдік пенен той басқа,

Ешкі менен қой басқа,

Шайтан менен жын басқа,

Бәйбіше мен күң басқа (Қобыланды батыр // Батырлар жыры).

Балаларының көші бұрын жөнеліп, озып кетсе, қонғанша Қара бәйбішенің аузында да, астында да дамыл болмайтын.Аймауытов, Шығ.).

2. Жасы үлкен егде тартқан, жұрт сыйлайтын цадірлі, беделді әйел. Сол минутта- ақ ауылдың адамдары жиналып, Қалампыр бәйбіше сабадан қымыз құя бастап, Сөрсенбай да Жамалға: - Тұр, қарағым, молде- кеңе мал әкел! - деп өмір етті (М.Дулатов, Шығ.).

Қош айтып бәйбішеге жүріп кеттім,

Басы осы бізге жұққан қайғы-дерттің.

Сап көңілім судай тұнық былғанды енді

Не қылса, үкімі күшті қүдыреттің (М.Сералин, Қаз. әдеб. хрест.).


3. Әйелі, жары.

Прасковья Петровна - бәйбішесі,

Оның да түгел еді өр немесі.

Сонда келіп карта ойнап, сауық салып,

Қызық күндер өткізген көршілесі (Ш.Қүдайбердиев, Шығ.).

Келсек, Монтьевтің өзінен де семіз, шикі сары ашық мінез, жайдары бәйбішесі қораның көлеңкесіне киіз жасап қойған екен.Момышүлы, Ол күндер.).

4. Жасы үлкен әйел адамды сыйлау, құрметтеу мәнінде айтыла- тын атауыш. Бәйбіше, қош болыңыз! - деп әжеме арнаған сөзін де өйтеуір міндет санап, иегінен оздырмай, жүрдім-бардым айтып бөгелместен шығып кетті (Б.Соқпақбаев, Менің атым.).

Ертең, ерте елең-алаңда тұрып, әлгі қонақ үй иесі кемпірге:«Бәйбіше, не нөрсеге мұқтаж, ділгірсіз- деп сұрапты (С.Сейфуллин, Шығ.).