БӘСЕКЕЛЕС

lat: BÁSEKELES

с ы н. 1. Бақталас, бақас, күндес, егес.

- Немене, бастықтың әйелі бәсекелесің бе?

Тапқан екенсің қолжаулықты, - деп Қасымның әйелі шап ете қалды (С.Алдабергенов, Алға).

Түрік пен Қырым байы бәсекелес,

Бәстесу ел өмірі үшін емес (Ғ.Малдыбаев, Қырым қызы).

Ежелден бәсекелес жаулары Қазан мен Қырым хандықтары да бел алып кеткендей (І.Есенберлин, Алмас.).

2. э к о н. Өзара бәсекеге, жарысқа, сайысқа түсуші. Осы зерттеу шеңберінде жасаған көптеген болжамдар болашақта расталды жөне ұлттық инновациялық жүйе құруда бәсекелес өндірістің кластер табиғатын ескеру тамаша нөтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді («Егемен Қазақстан»).