БӘСЕКЕЛЕС

lat: BÁSEKELES

е т. 1. Айтысу, тайталасу, ерегісу.


Біз өзімізден мәдениеті жоғары елдермен бәсекелескелі отырғанымыз жоқ .Дулатов, Шығ.).

Махмет Жарқынмен бәсекелесе кетуге әзір еді. Енді сәті жеткен сияқты .Ғабдуллин, Қызық дөурен).

2. с п о р т. Жарысқа, сайысқа түсу. Ол иесінің талабын мүлтіксіз орындап, дүние жүзінің бірнеше дүркін чемпионы болған сәйгүліктермен бәсекелескенді ( Т.Әлішеров, Өнерпаз.).

3. Өзара өнер, білім жарыстыру . Жарықтың сыну жөне шағылысу заңдарын, линзалар қасиеттерін зерттеуде Кеплер, Снелли, Декарт, Гримальди т.б. жемісті еңбек етті, Ньютон мен Гюйгенс өзара бәсекелесіп, жарықтың екі теориясын -корпускулдық жөне толқындық теориясын ұсынды (А.Көбесов, Математика.).

4. э к о н. Көбірек пайда табу, кіріс кіргізу, өркендеу жолындағы жарыс . Қазақстанда да отандық өндірістің дамуын жүзеге асыру үшін шетелдік азық технологияны өндіріске енгізіп, еңбекті ұйымдастыру дөрежесін жоғарылатып, отандық тауар өнімдерінің сапасын шетелдік тауарлармен бәсекелесе алатындай дәрежеге жеткізу жұмыстары қолға алынған (ҚҰЭ).