БЕ

lat: BE

ш ы л. 1. Сұраулық ба шылауының фонетикалық варианты.

Балалар үй қыдырып сүт ішеді ғой, олардың малы үй қыдырып шөп жемес дейсің б е? (С.Шарипов, Шығ.).

Асыр сап таңның құрында,

Ерке жел болып естің бе?

Өзіме ғана сыбырла,

Айтпайын басқа ешкімге (С.Мәуленов, Торғай.).

2. Жекелік, бөлшектеу мағынаны білдіретін көмекші сөз.

Бедерсіз, бұлтсыз, бұйра көк,

Көлеңкем бе, үйім бе.

Шырайы шымқай шам шапақ,

Шатырым ба, шиім бе (І.Жансүгіров, Шығ.).

Қайранбайым қалың солдат ішінде,

Апырмау, бұл өңім бе, әлде түсім бе?

Шабамын деп балтаны алып жүгірдім,

Қан тартылып кетсе керек түсімде (Б.Майлин, Шығ.).

3. Күшейтпелі мағынадағы көмекші сөз.

Сүйегімді жасыттың,

Кетейін бе өлтіріп (Жамбыл, Шығ.).

Алысып жүріп өлдіңбе! - деді кәрі құзғын күңк етіп (М. Етекбаев, Балдырған).

4. Шартты мағыналы көмекші сөз.

Бай құданың бейлі жоқ,

Көзге ілсін бе кедейді,

Ұрсып күші жете ме,

Қартайған шал не дейді?

Керегі байға қалың мал,

Қызының қамын жемейді (К.Әзірбаев, Таңд. шығ.).

Япырай, кессем бе екен мен тілімді,

Үйрендім қайдан өнер, көп білімді (М.Көпеев [Мәшһүр-Жүсіп], Шығ.).

5. Риторикалық сұрау мағынасын білдіретін көмекші сөз.

Шыныңмен өлгенің бе Құлагерім, Салбырар сапты аяқтай төменгі ернің (Ақан сері, Шығ.).

Жолдас деймін, ей, жолдас, санитарка,

Жеттің бе, кел, жарамды жедел байла (Ә.Сәрсенбаев, Таңд. шығ.).