Жылы

lat: Jyly

сын есім. 1. Ыстық пен салқын күйдің аралық қалпы. Үйдің ж ы л ы, суығын Қыс түскенде білерсің. Кімнің алыс-жақынын іс түскенде білерсің (Мақал). Қар жауса да тоңбайды бай баласы, Үй ж ы л ы, киіз тұтқан айналасыбай, Тол. жин.). Гүлжан ж ыл ы су, сабын, орамал апарып, күйеуін жуындырып жүр (Ж.Жұмаханов, Қаракөз). Шөл даланың жанға жайлы күзгі ж ы л ы түні, құрғақ қана қоңыр самал леп бар (С.Бегалин, Таңд.). Ауылдағы үйлерден ж ы л ы тон, киіз байпақты етіктер жиналып, киімі жұқа жігіттерге берілді (Ә.Әлішев, Батыр.). Ж ы л ы деп маған берген кебентайы: Жамаулы етек-жеңі түйін-түйін. Қарағым, бүгін шөпке барып жат деп, Жұмсады алдап-сулап безеп тілін (К.Әзірбаев, Таңд. Шығ.). 3. ауыспалы мағына. Мейірімді, ақпейілді, ілтипатты. Олар клубтың алдына келгенде, көп адам жиналып қалған екен. Есік аузындағы кісілер бұлармен ж ы л ы сәлемдесті («Лен. жас»). Жүргендей бейне жөн сілтеп, Үлгі де болды өзге елге. Сенбеді өзін есіркеп Қараған ж ы л ы кездерге (Т.Молдағалиев, Шақырады.). Қазір көресің, міне, үйлеріңе де келіп қалдық! деп Боржайдың бәйбішесі Ақжаңылды ана көкірегінің ж ы л ы үн, адал мейірімен жұбатады (Д.Әбілев, Арман.). Енді міне, қастарында көсемі, Қандай таныс, қандай ж ы л ы реңі (Ә.Ахметов, Өшп. жалын). 4. ауыспалы мағына. Жақсылық, рақат. Сонан бері рақымсыз көп жыл өтті, Орақ келер, орылар мезгіл жетті. Ж ы л ы менен суықтың бәрін көріп, Қайран көңіл қайыспай қайрат еттібай, Тол. жин.).