БЕКІРЕ

lat: BEKİRE

з а т. 1. Еті мен уылдырығы өте бағалы, шеміршекті ірі балық .

- Балықтың ішінде, жарықтық бекіре ғой жуасы. Қойға мінетін көбең тұғыр сияқты қолға тұра беретінін айт (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).

Бекіре ойнар ақ теңіз

Өңгеге терең болса да,

Сіз өтейін дегенде

Белгілі өткел болған ер! (Ер Тарғын).

Қазанғап ағай бастаған төрт жігіт ұзындығы екі құлаштай бір үлкен бекірені зорға көтеріп әкеп, от басына сұлата салды (Ә.Сәрсенбаев, Толқында.).