Жылы

lat: Jyly

етістік. 1. Күннің, оттың немесе дененің қызуымен жылы қалыпқа келу. Жер күңіреніп, жұрт шулап, Ағайын түгел жеткені-ай! Жамиғат тоңбай, күн ж ы л ы п, Тәңірім рақым еткені-ай! (Абай, Тол. жин.). Жаздағыдай жайдары тартқан күн сәске түске қарай тіпті ж ы л и түсті (А.Нұрманов, Аққу.). Күннің жылынуымен қатар, ашық, тайыз су да ж ы л и д ы (С.Омаров, Қой. бағу.). Көптен бері кісі жатпаған суық төсек шаршап келген Меңдігүлдің қызуымен тез ж ы л ы д ы (Ж.Жұмаханов, Солдат.). 2. ауыспалы мағына. Мейірлену, көңілі түсу. Әрқайсысы Гауһардың қолын алғанда өңдері ж ы л ы п, езу тартады (Т.Ахтанов, Махаббат.). Айдаболдың жүзі аздап ж ы л и бастады (М.Гумеров, Үш күн.). Үкінің жүрегі ж ы л ы п сала берді (Т.Жармағамбетов, Сентябрь.).