БЕЛБЕУ

lat: BELBEÝ

2. Былғарыдан, қайыстан жасалған белдік.

Үстінде қыпша бел қара шинель, белінде жез топсалы жалпақ қайыс белбеу, басында едірейген қара кепка (Б.Соқпақбаев, Жекпе-жек).

Кәлен етігін киіп, күпі сыртынан қайыс белбеуін тез буынып алды (Ә.Нұрпейісов, Қан мен тер).

Әртүрлі ойын болып, ақырында «Бұғыбай», «Мыршалай-мырыш» деген ойындар тамам болған соң, бір жігіт бір белбеуді есіп алып: «Енді, әлеумет, өлең айтасыңдар, айтпасаңдар, айтпағандарыңа мінекей», - деп, қолындағы есілген тоқпақтай белбеуін көрсетіп қорқытып аралап жүре бастады (М.Дулатов, Шығ.).