БЕЛДЕМШЕ

lat: BELDEMSHE

з а т. 1. <франц. jupe> Той- думанда көйлек үстінен киетін әйел киімінің сәнді түрі.

Оның қызылы басыла бергенде, Жындықара кетіп қап, белдемше байлап, басын ақ орамалмен тартып, буаз матүшке болды (Ж.Аймауытов, Шығ.).

Алдымнан ақ белдемше киген, білектерін сыбанған екі әйел екі жағымнан шыға келді (Қ.Тайшықов, Октябрь ұшқ.).

2. Тазалық үшін алға ұстайтын алжапқыш. Он шақты сауыншы әйел белдемшесін байланып алып, өздеріне бекітілген сиырларына кезек-кезек электр саугышын өкеліп қойып жатыр (Ғ.Сланов, Очерк.).

Іс істеген кезде алга байлап алатын ақ шалғыны кейде «белдемше» деп те атайды (С.Қасиманов, Қаз. қолөнері).

Орақ үндеген жоқ. Алдына тері белдемшесін байлап, бұрыштағы темір үйіндісін ақтара бастады (Ш.Мұртазаев, Мылтықсыз.).