БЕС

lat: BES

с а н. 1. Төрттен кейінгі есептік сан, 5 цифрының атауы.

Ау, бөрілер, бөрілер Бөрімін деп жүрерлер, Һәр бірінің баласы Алтау болар,бес болар, Ішінде абаданы бір болар, Абананынан айрылса, олардың һәр біреуі һәр бір итке жем болар (Шалкиіз // Алдаспан).

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой

Бес асыл іс көнсеңіз (Абай, Тол. жин.).

Бес минут әлі жол жүреміз біз,

Вагонда күй өзіміз, жыр өзіміз.

Кіргендей кеудемізге бір қытықшы,

Күлеміз, күледі жан-жүрегіміз (Ж.Молдағалиев, Жыр.).

2. п е д. Оқу орындарында қабылданылған ең жоғары баға, балл.


Сабағынан бір күні келді үйіне Балабек,

Үш сабақтан «бес» алды. Біздегі бір бала, - деп (С.Сейітов, Жаңғырық).

Егер біреу құласа,

Қалғандай босап бір орын,

Ал, біреу «бес» ап қуанса,

Шыққандай алып «пірі» оның (Ш.Мұхамеджанов, Қошалақ).

Ол институтқа емтихан берді.

Алғашқы екі емтиханның екеуі де бес (З.Ақышев, Ақбел.).