БИ

lat: BI

зат.өнер. Музыкалық ырғаққа сай дене қимылымен бейнелеп көрсетілетін өнер түрі.

- Қордайда дастарқаннан дәм-тұз татып

Қызыққа қызыл әскер жатыр батып.

Аттарына жоңышқа, сұлы төгіп,

Би билеп, күліп-ойнап гармонь тартып (К.Әзірбаев. Таңд.).

Көңілді би сазы құбыла бұралып, ойнақы қайрылып, көпке дейін естіліп тұрды (Н.Ғабдуллин. Алғашқы.).

Басымызда папаха түбектей боп,

Қыз алдында тұрмадық шіреп сөйлеп.

Би билеп түлкі тұмсық бәтеңкемен,

Тәнімізғе ілмедік жібек көйлек (М.Мақатаев, Шығ.).

Би билеп, үйірші.

Көз тақап, түйілші.

Берейін, құдағи,

Ең ғажап сүйінші (К.Салықов, Жезкиік).