БИКЕШ

lat: BIKESH

зат.экспр. Бойжеткен қызға, жас әйелдерге сыпайыгершілік, сыпайылық білдіріп айтылатын сөз.

Бикештің сенің үшін қалмады ары,

Сен болдың кеткенінше ынтызары (Базар жырау, Шығ.).

Мыстанның өзі де алжыған

Мекерлік жасап бір көрмекші.

Бикешті алдайды Дон Жуан,

Бастығын алдайды көмекші! (Қ.Мырзалиев, Мәңгі майдан).

Ол амалсыз қызға қарады. Жас бикештің жүзі алабұртып, алып ұшып отыр екен (Ә.Әлімжанов, Отырар.).