БИЛІК

lat: BILİK

зат.1.тар. Билердің даугерлерге айтқан кесімі, төрелігі, үкімі .

Билігін бұрмай тура айтқан

Төбедей билер төрде жоқ (Базар жырау, Шығ.).

Бұл биліктен кейін Дүйсебек, Сәрсенбайлар Байжанның барымтаға алған жылқыларын сұрап биге түсіп еді, билер мұны қарсы дау деп атказ қылды.Дулатов. Шығ.).

Табуға ақыл қиын, билік оңай,

Дағуаны тұтпау қиын, бұйрық оңай.

Құдайдан, һәм өкімдерден ұялмасаң,

Алатын пара, пайда, сыйлық оңай (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Халық шариғат жолынан қисық жатса, шариғатпен айтамын деген билік құр бос қалмай ма?.Бөкейханов, Шығ.).

2. Жарлық, бұйрық, әмір.

Билігің берекелі болса көркем,

Басыңа тұра алмайды бақыт қонбай.

Сұлудың әдептісі, жасығы бар,

Өсекші, бай жануға машығы бар.Найманбаев, Шығ.).

Би жолдасы көрініп биге айтты,

Би сынының шындығын анық тапты.

Мал билік, жан билігі содан берік,

күннен-күн Сабалақтың қадірі артты (Тарихи жырлар).

3 . заң. Қылмысты іс жөніндегі шығарылған сот үкімі, шешімі.

Мекапардың сөзінен мені танып,

Билік айтар сотың да сот-ақ екен.

Кісіден зорлық көріп кетсе де ақыл,

Сот алдына бармауым менің мақүл.Торайғыров. Таңд.).

Халық соты Істі ақтара тексеріп, айналдыра қарап билігін шығарды.Қыдырбекұлы, Шойынқүлақ).

Батырхайыр көнбей Сенатқа арыз берген. Сенат палатаның билігін бұзып, істі сол палатаның қарауына қай- тарған.Дулатов. Шығ.).

4.ауыс. Ерік, ықтияр.

Фазылыңмен сақла мені сабр беріп,

Билік жоқ бұл фитнада аслан менде («Қазақ»).

Ұлы ханды жәбірлеуге соншама,

Кім берді оған билікті?

Кеткен екен тіпті көзі қарайып.Шаханов, Ғасырлар).

Осы заман шағында

Батыр да бар, би де бар.

Көрдемшенің билігі

Төрде жоқ та үйде бар (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

5.ауыс. Тағдыр, кесім.

Шығайда бір жақсы адам іске аспаса,

Билігі мырзалардың қалды құлға (Кердері Әбубәкір, Қазағым).

Қайран аңқау дара тұлға

Аңғармапсың қанатыңа

Жасырынған түлкіні

Өрлігіңе осы болсын сыйлығым,

Саған қидым бұл сатқынның билігін.Шаханов, Ғасырлар.).